Ертеңнен бастап Өскеменде трамвай уақытша жүрмейді, деп хабарлайды F16.kz.
Қалада трамвай жолдары жөнделіп жатыр. Трамвай паркінің кіреберісі және шығар жолындағы рельстерді ауыстыру жұмыстарына байланысты 15-21 тамыз аралығында көлік қозғалысы тоқтайды.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қала тұрғындарынан маршрутты ертерек жоспарлауды өтінеміз , — деді «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС.