Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалатын жәрдемақы өсуі мүмкін, деп хабарлайды F16.kz.
ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердің мөлшерін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулысының жобасы жарияланды.
Құжатта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 8,5%-ға индексациялау қарастырылған.
Бұл ретте халықтың әлеуметтік төлемдер алатын санатын қорғау ескерілген.
«Ашық НҚА» порталына жарияланған қаулы жобасы 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.




