Қаладағы трамвай рельстерін ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын. Мызы және Қазақстан көшелерінің қиылысындағы көлік және трамвай қозғалыстары жақын күндері ашылады, деп хабарлайды F16.kz.
Трамвай жолдарын ауыстыру жұмыстары 15 тамызда басталған.
Трамвай жолдарын қайта құру және жаңғырту жобасы аясында Мызы мен Қазақстан көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Трамвай қозғалысы ертең ашылуы мүмкін, — деп атап өтті «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС бас инженері Михаил Чайка.
Айта кетейік, аталмыш учаскеде көлік қатынасына де шектеу қойылған. Ол 21 тамыз күні ашылмақ.




