2025-2026 оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 30 980 педагогке арналған курс ұйымдастырады, деп хабарлайды F16.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпартқа сенсек, бағдарламалар бастауыш сыныптан бастап, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерін қамтымақ. Сондай-ақ тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілікке қатысты курстардан өтеді.
– Жыл басынан бері мұндай курстарға 39 мыңнан астам мұғалім қатысты. Олардың ішінде ауыл мектептері педагогтерінің үлесі айтарлықтай көп – 56%, – деп хабарлайды министрліктен.




