Шығыстың бас шаһарында Конституция күні мен қала күніне орай ерекше ұлттық спорт түрінен жарыс өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
28 тамыз күні сағат 09:00-де қала тұрғындары мен қонақтары «Шырға тарту» сайысын тамашалай алады. Іс-шара Ахмер кентіндегі Қабанбай батыр ескерткішінің алдында ұйымдастырылады.
Бұл сайыс – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі ойындарының бірі. Онда жүйрік тазы иттер шырғаға түсіп, өздерінің жылдамдығы мен ептілігін көрсетеді.
Көрермендерге ұлттық өнердің қайталанбас сәттері мен қызыққа толы жарыс ұсынылады. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұл шара қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, жастарды отансүйгіштікке, салт-дәстүрге құрметпен қарауға шақырады, — дейді ұйымдастырушылар.




