Сарыөзек гарнизонының оқу-жаттығу полигонында взводтардың жауынгерлік үйлесімділігі бойынша жауынгерлік атыс сабақтары өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Жаттығу барысында взвод командирлері жеке құраммен жауынгерлік техниканы басқарып, рота командиріне қарсыласты жою туралы жағдай мен шешімін баяндады. Шешім мақұлданғаннан кейін жауынгерлік атыс кезінде шартты қарсыластың орналастырылған резервтерін талқандау, олардың диверсиялық-барлау топтарының көзін жою, қарсыластың қапталына және тылына маневр жасау, шартты қарсыластың позицияларын басып алуды және негізгі күштер келгенге дейін оларды ұстап тұру, рейд жүргізу сияқты іс-қимылдар көрсетіліп, кеңінен пысықталды. Одан өзге взвод құрамында әр түрлі қашықтықтағы шартты қарсыластың брондалған нысандарына соққы берді.




