Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы басталды, деп хабарлайды F16.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері қатысып отыр.
Отырыстың күн тәртібінде энергетикалық ынтымақтастықты дамыту және тұрақты «жасыл» өсімді ілгерілету, логистикалық және өндірістік тізбектерді кеңейту мәселелері талқыланады.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қытайдағы өкілдігінің мәліметінше, кездесу тәжірибе алмасу, жаңа іскерлік байланыстарды орнату және бұрынғысын нығайту, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды алаңға айналмақ.




