Бүгін, 4 қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты басталады. World Boxing аясында өтетін дүбірлі додаға Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет қатысқалы отыр, деп хабарлайды F16.kz.
Бірінші жарыс күні шаршы алаңға екі боксшымыз шығады. Атап айтқанда, әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова өзбекстандық Нигина Уктамовамен шеберлік байқасса, ерлер бәсекесінде 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай жарыс қожайыны Айзек Окомен жұдырық түйістіреді.
Қазақстандық екі спортшы да Қазақстан уақытымен сағат 22.00-де басталатын кешкі сессияда сынға түседі.
World Boxing ұйымының аясында алғаш рет Ливерпуль (Англия) қаласында өтетін әлем чемпионатына 68 елден барлығы 554 (ерлер — 329, әйелдер — 225) спортшы қатысып жатыр.
ЕЛДАНА БІРДЕН 1/4 ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Әлем біріншілігіндегі Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары белгілі. Жеребеге сәйкес кейбір салмақта еліміздің былғары қолғап шеберлері бірден 1/4 финалға шықса, тағы бір тобы 1/8 финалда бақ сынайды. Сол сияқты жарысты 1/16 финалдан бастайтын боксшыларымыз да бар.
1/4 финал:
80 келіден жоғары: Елдана Тәліпова (Қазақстан) — Грейс Бакл (Англия) пен Селин Ли-Ло (Новая Зеландия) жұбының жеңімпазы.
1/8 финал:
48 келі: Назым Қызайбай (Қазақстан) — Лилия Шелецкий (Венгрия) мен Лам Хон Ки (Гонконг) жұбының жеңімпазы;
51 келі: Алуа Балқыбекова (Қазақстан) — Фатма Мансури (Алжир) мен Мун Гьонг (Оңтүстік Корея);
70 келі: Наталья Богданова (Қазақстан) — Тхокчом Суприя Деви (Индия) мен Дитте Фростхольм (Дания) жұбының жеңімпазы;
75 келі: Надежда Рябец (Қазақстан) — Ван Лина (Қытай);
80 келі: Гүлсая Ержан (Қазақстан) — Ивета Лесинските (Литва).
1/16 финал:
54 келі Элина Базарова (Қазақстан) — Нигина Уктамова (Өзбекстан);
57 келі: Карина Ибрагимова (Қазақстан) — Панагита Кузилу (Грекия);
60 келі: Виктория Графеева (Қазақстан) — Садику Д (Косово);
65 келі: Аида Әбікеева (Қазақстан) — Анна Луца Хамори (Венгрия).
Ерлер:
- 50 кг дейін. Санжар Тәшкенбай — Ешиш (Иордания)/Руни (Ирландия) жұбының жеңімпазы.
- 55 кг дейін. Махмуд Сабырхан — Ортис (Мексика)/Мохаммади (Бельгия) жұбының жеңімпазы.
- 60 кг дейін. Бейбарыс Жексен — Огайре (Филиппины) /Лай (Тайбэй) жұбының жеңімпазы.
- 65 кг дейін. Ертуған Зейнуллинов — Грау (Франция)
- 70 кг дейін. Төрехан Сабырхан — Яише (Алжир)
- 75 кг дейін. Сабыржан Аққалыков — Ильюша (Украина)/ Нурани (Иран) жұбының жеңімпазы.
- 80 кг дейін. Нұрбек Оралбай — Эис (Германия)/Ражба (Украина) жұбының жеңімпазы.
- 85 кг дейін. Бекзат Нұрдәулетов — Кушиташвили (Грузия)/Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазы.
- 90 кг дейін. Сағындык Тоғамбай — Окоу (Англия).
- 90 кг жоғары. Айбек Оралбай — Исламов (Түркменстан)/Ильяс (Түркия) жұбының жеңімпазы.
ҚАЙДАН КӨРУГЕ БОЛАДЫ?
Бүгіннен басталып 14 қыркүйекке дейін жалғасатын әлем чемпионатының жекпе-жектерін Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңі болса, 12-13 қыркүйекте жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді Финал 13-14 қыркүйек аралығына жоспарланған.




