Өтепов көшесінде орналасқан «Достық» базарының маңы абаттандырылады. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Қаладағы инфрақұрылым жағдайын жақсарту мақсатында Өтепов көшесінде болдым. Тұрғындар тарапынан көптеген өтініш түскендіктен, «Достық» базарының маңындағы автотұрақ пен жүретін жолдардың асфальтін қалпына келтіру мәселесі көтерілді. Жауапты бөлімге осы аумақтағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырдым. Бұл жұмыс менің жеке бақылауымда болады, – дейді қала әкімі Алмат Ақышов.




