F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Реформалар нәтиже беріп жатыр: қазақстандықтардың ел дамуына қатысты пікірі қандай?

F16 F16
05.09.2025, 14:24
Жаңалықтар
Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты биылғы 11 шілде мен 12 тамыз аралығында халық арасында сауалнама жүргізді. Іріктеу жиынтығының көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға еліміздің 17 облысынан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысты, деп хабарлайды F16.kz.

Әлеуметтанулық зерттеу деректеріне сәйкес, азаматтардың 75,9%-ы бүгінгі таңда елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын атап өткен.

Ең жоғары әлеуметтік оптимизм деңгейі 18–29 жас аралығындағы жастарға тән (84,6%). Жас шамасы өскен сайын елдің болашағына қатысты оптимизм біршама төмендегенімен, жеткілікті жоғары деңгейде сақталады (61 жастан жоғары респонденттер арасында – 70,6%). Ел дамуының қазіргі бағытын қала тұрғындарына (73,8%) қарағанда ауыл тұрғындары (79,3%) анағұрлым дұрыс деп санайды.

Елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын қолдаған респонденттердің басым бөлігі қазірдің өзінде нақты жүзеге асырылып жатқан бірқатар маңызды реформаларды атап өтті. Олардың ішінде бірнеше топты бөліп көрсетуге болады.

Әлеуметтік бастамалар:

— Ауылдық және қалалық мектептерді салу мен жаңарту – 38,2%;

— «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру – 29,5%;

— БЖЗҚ-дан қаражаттың бір бөлігін шешіп алу мүмкіндігі – 20,1%.

Экономикалық реформалар:

Автомагистральдерді, вокзалдар мен әуежайларды салу және жөндеу – 18,4%;

Ауыл шаруашылығын дамыту – 13,6%;

Шағын және орта бизнесті қолдау – 10,3%;

Отандық тауар өндірісінің артуы – 9,7%.

«Заң және тәртіп» қағидатын және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын жүзеге асыру:

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес – 32,6%;

Елді мекендерді тазалау және абаттандыру, вандализм мен мәдениетсіздікке қарсы шаралар – 14,7%;

Елден заңсыз шығарылған активтер мен капиталды қайтару – 5,8%.

Елді цифрландыру:

Мемлекеттік қызметтердің цифрлық форматта дамуы – 30,7%;

Отбасының цифрлық картасын, әлеуметтік әмиянды енгізу – 16,1%.

Бұл сауалнама нәтижелері азаматтардың өмірінің түрлі салаларында нақты өзгерістерді байқап отырғанын көрсетеді. Бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан реформалардың алғашқы нәтижесін беріп, мемлекеттік саясатқа деген қоғамдық сенімді нығайтып, болашаққа қатысты оптимизмді арттырғанын аңғартады.

Экономикалық реформалар мен әлеуметтік бастамалардың тиімді жүзеге асырылуы ел басшылығына деген қоғамдық сенім деңгейінен көрініс табуда. Әлеуметтанулық зерттеу деректеріне сәйкес, Президент рейтингтің алдыңғы қатарында тұр – сауалнамаға қатысқандардың 82,4%-ы оған сенім білдірген.

Сонымен қатар, елдегі оң өзгерістер патриоттық көңіл-күйдің артуына тікелей ықпал етуде. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі Қазақстанмен және өз азаматтығымен мақтанатынын атап өтті – 89,9% («өте мақтанамын» – 49,1% және «мақтанамын» – 40,8%).

Елдің болашақ дамуы тұрғысынан респонденттер Қазақстанның аймақтық қана емес, жаһандық деңгейде де көшбасшы бола алатын бірқатар салаларын айқындады. Респонденттердің пікірінше, елдің ең перспективалы ТОП-5 даму бағыты мынадай:

Агроөнеркәсіптік сектор – 38,9%.

Цифрландыру және жасанды интеллект – 30,6%.

Энергетика – 25,3%.

Көлік және транзит – 17,5%.

Адами капиталды дамыту – 13,1%.

Респонденттердің пікірінше, қазіргі кезеңде осы бес стратегиялық маңызды бағыттың дамуы елімізді әлемдік деңгейдегі жетекші орындарға шығарып, тұрақты экономикалық өсім мен технологиялық ілгерілеуді қамтамасыз ете алады.

Жалпы алғанда, әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері бүгінгі таңда қазақстандық қоғам елдегі оң өзгерістерді айқын байқап отырғанын көрсетеді. Азаматтар жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижелерін өз өмірлерінен сезінуде. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік саясатқа деген сенімін күшейтіп, елдің болашағына қатысты оптимизмді арттырады.

Тегтер: ӘлеуметЗаң мен тәртіпҚазақстансауалнамаЭкономика
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған