Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма төрағасы – ректор Сәуле Рахметуллинаның айтуынша, жасанды интеллектіні әр салада қолдану жұмыс тиімділігін арттыра түседі, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын жариялады.
Бүгінгі Жолдауда еліміздің негізгі стратегиялық бағыттары айтылды. Соның ішінде инвестиция тарту мәселесінде біздің өңірдің әлеуеті зор. Осы бағытта барлығымыз тұрақты жұмыс атқарамыз. Қазір біз инновациялық секторды дамытуды қолға алдық. Атап айтқанда, «Алтай» технопаркіне серіктестер іздеп, инвестиция тартуға кірістік. Одан бөлек, жуырда университетімізде Smart driving technology орталығы ашылады. Онда қытайлық әріптестермен бірге жасалған инновациялық жобалар іске асырылады, – деді ректор.
Сонымен қатар Сәуле Рахметуллина жасанды интеллект – инновациялық дамудың негізгі құралы екенін атап өтті.
Қазір «AI Сана» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Барлық ЖОО студенттері ЖИ курстарын меңгеруде. Келесі кезекте кәсіпкерлік бойынша курстарды меңгерсе, студенттер өз жобаларын жасап, нарыққа кіре алады, – деді ол.
Дана Әбдікәрім




