F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Еліміздің ең шығысындағы ауылдың жолына асфальт төселді

F16 F16
11.09.2025, 12:07
Жаңалықтар, Катонқарағай, Шекаралық аудан
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Еліміздің ең шығысындағы Аршаты ауылында жол жөнделіп, жергілікті халықтың көп жыл күткен арман—тілегі орындалды, деп хабарлайды F16.kz.

Жалпы, Катонқарағай ауданының қай ауылы болмасын ілгеріден өздерінің береке-бірлігімен ерекшеленеді. Солардың ішінде ауданды былай қойғанда, Шығыс Қазақстанның ең шеткері ауылы – Аршатының өзіне ғана тән жарасымды бір сипаты бар. Бұндағы жұрттың  өзара ұйымшылдығы мен татулығына таң қаласың… Небір топалаң уақытта да аршатылықтар осынау қасиеттерінен айырылған жоқ. Қайғыда да, қуанышта да бір-біріне сүйеу болып, қандайда болмасын ортақ іске бір атаның балаларындай жұмыла кірісе алады. 90-шы жылдардағы алмағайып шақтарда, одан кейінгі дағдарыс жылдарында да Аршатының халқы  жайлы өмір іздеп қалаға жаппай ағылған жоқ, кіндікжұртын тастамады, тұрақтылығын сақтап қалды. Содан болар «Аршатыдан ел көшті» дегенді бұрын да, қазір де естіген емеспіз. Осының бәрі де аршатылықтардың қайтпас-қайсар төзімділігінің, жанкешті тіршілігінің арқасында болса керек. Аудан орталығы ширек ғасырдан астам уақыт бойы бұрынғы аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан 90, ал Аршатыдан 200 шақырымға алыстаған  кездерде де  жергілікті халқы бұған төзді. Әсіресе жолдың азабын өзгелерден гөрі осы Аршатының тұрғындары көп көрді десек артық айтқандық емес. Катонқарағай қайтадан аудан болып қайта жаңғырған соң, арада екі жыл салып аршатылықтарға да қуанышты  күндер жетті. Былтыр Берел мен Аршатының арасындағы 12 шақырым жолға асфальт төселеді деген ақжолтай хабар жеткенде шалғайдағы аршатылықтар қуаныштан бөріктерін аспанға атып еді. Арада жыл өткенде сол межелеген жоспар іске асырылып, бұнда бұрын-соңды болмаған жөндеу жүргізіліп, тақтайдай тегіс жолға айналып шыға келді.

Былтыр облыстан бөлінген 150 млн теңгеден астам қаражатқа әуелі жолдың негізі қайтадан жасалды. Жол бойына  4 су өткізгіш құбыр (көпірлер) қойылды. Биыл жаз шыға 12 шақырымға толықтай асфальт төселіп, жоспарланған жұмыс белгіленген мерзімге сай аяқталды. Бұл жобаға облыстан 586 млн 900 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Осынау игілікті істі аудан тумасы, кәсіпкер Айдос Байғұнұсов басшылық ететін “Өскемен Тазалық” ЖШС қолға алып, толыққанды аяқтап берді. Айта кетерлігі, аталған мердігерлік ұйым өткен жылы аудан аумағында тағы бір өндіріс ошағын ашқан еді. Шыңғыстай ауылының маңында асфальт-бетон зауытының құрылысын қысқа уақытта аяқтап, шалғайдағы ауылдардың  тұрмысын жақсартып, өмір сүру сапасын арттыру үшін жолдарын жөндеуге кірісті.

Өткен аптада аудан басшылығының, мердігерлік ұйым өкілдері және Аршаты ауылының тұрғындарының қатысуымен Берел мен Аршаты арасындағы қайта жаңғырған жолдың тұсауы кесілді. Ақ  жаулықты аналар шашу шашып, көнекөз қариялар ілкімді істің басы-қасында жүрген барша атқамінер азаматтарға ақ баталарын беріп, алғыстарын жаудырды.

Ауданымыздың қайтадан түлеуіне себепші болған ел Президентіне, облыс пен аудан басшылықтарына, осындағы барлық елжанды азаматтарға ауылдастарымызға осындай орасан сый тарту еткендеріне мың алғыс айтамыз. Ауылымыз заман көшінен қалыспай, өз тіршілігін жасап отыр. Бірақ көп жылдардан бері Аршатыға дейінгі жолдың жөнделуін армандап келіп едік, мінеки, сол күнге де жеттік, асфальт төселіп, қуанышымыз қойнымызға сыймай жатыр. Жолымыз сайрап тұрса, ауылымыздың болашағы да бұлыңғыр болмасы анық, – дейді аршатылықтар.

Алтай Жампейісов

Тегтер: жол жөндеуКатонқарағай ауданыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған