Өскеменде 15 қыркүйектен бастап B санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыратын жаңа автоматтандырылған автодром жұмысын бастайды, деп хабарлайды F16.kz.
Алаң қазіргі заманғы стандарттарға толық сәйкес келеді, автоматты (АКПП) және механикалық (МКПП) беріліс қорабы бар көліктерге арналған.
Азаматтарға қолайлы болуы үшін «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы кезекті онлайн брондауға болады.
Автодромның іске қосылуы емтихан кезектерін қысқартуға, жүргізушілерді дайындау сапасын арттыруға және практикалық емтихан тапсыру процесінің ашықтығы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ШҚО бойынша филиалының директоры.
Айта кетейік, басқа санаттар бойынша емтихандар бұрынғыдай Назарбаев даңғылы, 59 мекенжайындағы оқу комбинатында өткізіледі.
Автодром Өскемен қаласындағы мамандандырылған ХҚКО аумағында, Самар тас жолы, 23/1 мекенжайында орналасқан. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі күні 08:00-ден 12:00-ге дейін. Жексенбі – демалыс күні.




