Бүгін Әуезов даңғылы мен Нұрмағамбетов көшесінің қиылысында тағы бір жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды F16.kz.
Бағдаршамнан өтіп келе жатқан тұрғынды Honda CR-V көлігі қағып кеткен.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесімен процессуалдық шешім қабылданады, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Әзірге зардап шеккен адамның жағдай белгісіз.
Айта кету керек, жол-көлік оқиғасы болған кезде бұл қиылыстағы бағдаршам жұмыс істемей тұрған.
Қысқа тұйықталу салдарынан бағдаршам істен шыққан. Қазіргі уақытта қалпына келтірілді, — дейді облыс полиция басқармасы.




