F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Дүниежүзілік тазалық күні: экобелсенділердің еңбегі рекордтар кітабына енгізілмек

F16 F16
20.09.2025, 13:15
Жаңалықтар, Өскемен, Экология
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Бүгін, 20 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күні Шығыс Қазақстан облысында ауқымды экологиялық акция өтті. Игі бастама аясында 113 мың түп сібір шыршасының көшеті егіліп, тонналап қоқыс жиналды, деп хабарлайды F16.kz.  

 

1 - 16
- +

Тазалық күні бүкіл облысты қамтығанмен негізгі шара Өскеменнің Шмелов Лог ауылы маңында ұйымдастырылды. Бұл жер тегін таңдап алынған жоқ, мұнда қаланың қоқыс полигоны орналасқан. Қолқаны қапқан күлімсі иіс, айнала шашылған целлофан пакеттер, ескі-құсқы тұрмыстық заттар, тау боп үйілген қоқыс қорқынышты һәм аянышты көрінеді. Бетперде тағып, қолына қолғап киген белсенді жастар “ұрыста тұрыс жоқ” дегендей іркілмей іске кірісіп кетті. Қаладағы мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері эковолонтерлермен тізе қосып жиыны 300-ден аса қатысушы қоқыс полигонынан Өскемен-Алтай трассасына дейінгі аралықты сүзіп шықты. Тіркеме ілген тракторлар бірінен кейін бірі келіп, қапқа салынған қоқысты тиеп алып кетіп жатты.

Бүгін бүкіл әлемде миллиондаған адам сенбілікке шығып, табиғатты қорғауға атсалысып жатыр. Бұл бастамаға біздің облыс та үлес қосып, еріктілер, студенттер, жұмысшы жастар бар жиыны 300-ден аса адам ортақ іске жұмылдырылды. Бір айта кететіні, жастардың бәрі өз еркімен келіп қатысып жатыр, оларды ешкім мәжбүрлеген жоқ. Бұл әлбетте  қоғамның экологиялық мәдениетінің артып келе жатқанын көрсетеді, – деді облыстық экология департаментінің баспасөз хатшысы Аружан Мұсаханова.

Глубокое ауданының Мало-Уба орман шаруашылығы аумағында өткен экоакция аясында табиғат жанашырлары 113 мың түп сібір шыршасының көшетін отырғызды.

Жалпы облыс бойынша тазалық күніне шамамен 1 мыңнан астам адам қатысты. Олардың ішінде мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, оқушылар, студенттер, ұкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер және белсенді қала тұрғындары бар.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі шара қорытындысын Қазақстан рекордтар кітабы – «ҚАЭА»-ға енгізуге өтінім берді.

Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын 190-нан астам елді біріктіреді, ал Қазақстан бұл бастаманы дәстүрлі түрде белсенді қолдап келеді.

Тегтер: F16белсенділерӨскементабғиатТазалық күніШҚОэкоакцияЭкология
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған