Ел тұрғындары енді сиыр етінің бағасына қатысты шағымдарын жедел желі арқылы жеткізе алады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгіннен бастап еліміздің әр өңірінде жедел желі жұмыс істей бастады.
Азаматтар дүкендер мен базарларда сиыр етінің шектен тыс қымбат сатылуына, сатушылардың негізсіз үстеме қосуына қатысты шағымдана алады. Ал кәсіпкерлер етті жеткізу кезінде қиындық туындаса хабарласуға болады.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, сиыр етінің негізгі құны орта есеппен 2800-3100 теңге аралығында. Бірақ қосымша шығындар мен сауда үстемелеріне байланысты баға өзгеріп тұрады.
Аталған жедел желі барлық аймақтарда қолжетімді.
Шығысқазақстандықтар 8 (7232) 26-72-07 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.




