Шығыс Қазақстан облысының кей аймақтарында ертең тағы жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды F16.kz.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 24 қыркүйек түнде облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Ал күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнауы ықтимал.
Облыстың шығысында тұман түседі. Сондай-ақ кей жерлерде жел екпіні күшейеді, — делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД құтқарушылары тұрғындарға мұқият болу керектігін ескертеді.
Найзағай кезінде электр құрылғыларын қуат көзінен ажыратып, пайдаланбаған жөн. Қатты желде сымнан, автобус аялдамасынан және ағаштардан алыс жүріңіз, — дейді департамент мамандары.




