ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, төтенше жағдай саласының қызметшілеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 1 450 адам қызмет етеді. Жыл басынан бері департамент бөлімшелері 4 мыңға жуық жедел шақыртуға шығып, 1 100-ден астам апаттық-құтқару жұмысын жүргізді. Нәтижесінде 145 адам құтқарылып, тағы 160 азамат эвакуацияланды. Жыл сайын техника паркі жаңартылып, жұмысқа жаңа әдіс-тәсілдер енгізілуде.
Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қиын сәтте көмекке келіп, қауіп-қатерге қарамастан адам өмірін сақтап қалу жолында аянбай еңбек ететін құтқарушылардың қызметі қашанда құрметке лайық. Сала мамандары ел басына күн туған сәтте қол ұшын созып, халықтың амандығы мен тыныштығын күзетіп келеді. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіздің жемісін көріп, абыройларыңыз асқақтай берсін, – деді өңір басшысы.




