Өскеменде толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелер тағы да көлге айналды. Су жиналған учаскелерде «Таза Өскемен» мамандары жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Кәсіпорын мамандарының айтуынша, қаладағы кей көшелердің су бұру жүйесінде мәселе бар.
Кәріз құдықтарының аузын жапырақ мен қоқыс бітеп, жағдайды одан әрі ушықтырып жібереді. Сондықтан коммуналдық қызметкерлер қазір учаскелерде тазарту жұмыстарына кірісіп кетті. Кей көшелерге арнайы техника тартылды, — деді «Таза Өскемен» кәсіпорнының өкілдері.
Су шамадан тыс көп жиналған көшелерде кептеліс туындамас үшін су сору жұмыстары жүргізіледі.




