Шығыста осы аптаның соңына дейін жаңбырлы және салқын ауа райы сақталады. Синоптиктер кей өңірлерде қар жауатынын да болжаған. Еліміздің басым бөлігінде түнде ауа температурасы -1…-6°С, күндіз +2…+9°С шамасында болады, деп хабарлайды F16.kz.
Қазгидрометтің болжамына сүйенсек, бірінші онкүндіктің ортасына қарай Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массалары келіп, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында термометр бағаны +2…+8°С, күндіз +10…+18°С дейін көтеріледі.
Бірінші онкүндіктің соңына қарай еліміздің кей өңірлерінде күн аздап салқындағанымен, екінші онкүндікте қайта жылынады. Күндіз +13…+18°С, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +22…+27°С дейін көтерілуі мүмкін, — дейді синоптиктер.
Қазан айының аяғында Шығыста күн райы -12 градусқа дейін суытады.
Жалпы ай бойы құбылмалы ауа райы, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.




