Болашақта елімізде салынатын алғашқы АЭС-ке атау беру үшін жарияланған жалпыхалықтық конкурс әлі жалғасып жатыр. Бүгінге дейін тұрғындардан 20 мыңнан астам ұсыныс түскен. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл конкурсқа отандастарымыздың ерекше қызығушылық танытқаны байқалады. Біз алдын ала талдау жүргіздік. Жалпы ұсыныстарды шартты түрде үш негізгі блокқа бөлуге болады. Бірінші блок – географиялық атауларға негізделген. Мысалы: Балқаш, Іле, Үлкен, Мойынқұм, «Мойынқұм АЭС. Екінші үлкен блок – Қазақстанның тарихи, саяси немесе ғылыми қайраткерлерінің есімдерін беру. Мәселен, академик Шапық Шөкіұлы Шөкин, Батуров, Абай, Қаныш Сәтбаев сияқты атаулар ұсынылған, – деді ол.
Ведомство басшысының айтуынша, үшінші блок – техникалық, инженерлік және энергетикалық бағытты бейнелейтін атаулар. Бұл – «жарық», «қуат», «бейбіт», «атом», «энергия», «энерго» сияқты негізгі сөздер қолданылатын нұсқалар.
Ұсыныстар әлі де қабылданып жатыр. Құрамына этнограф, тарихшы, уран саласының өкілдері, блогер мен қоғам белсенділері кіретін комиссия талдау жүргізіп жатыр. Толық тізім жиналған соң қорытынды талқылау өтеді.




