F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ешкім жұмыссыз қалмайды: Тарбағатайдағы диспансердің жабылуына қатысты жиын өтті

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
07.10.2025, 10:57
Басты, Біздің медицина, Жаңалықтар, Тарбағатай

Тарбағатайдағы фтизиопульмонологиялық диспансер жабылып, ғимаратын аудандық аурухананың теңгеріміне беруге шешім қабылданды. Облыс және аудан басшылығы мекеме қызметкерлерін жұмыспен толық қамтуға уәде берді, деп хабарлайды F16.kz.

Ақжар ауылындағы туберкулезге қарсы диспансер жабылатыны туралы ақпарат тарағалы мекеме қызметкерлерінен маза қашты. Бүгінде онда 56 адам еңбек етеді. Олардың ішінде зейнет жасына таяған адамдар да бар. Егер аурухана жабылса ауылдағы алпысқа тарта маман жұмыссыздар қатарын толықтырмақ.

Аудан халқын толғандырған мәселеге байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар Тарбағатай ауданына барып, жиын өткізді. Жиынға аудан әкімі Дархан Жөргекбаев, облыстық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшылығы, облыстық еңбек инспекциясының өкілдері және Тарбағатай аудандық ауруханасының бас дәрігері Елжан Манарбеков қатысты.

Аурухана неге жабылады?

Жиында ең алдымен диспансердің жабылу себебі талқыланды. Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, соңғы жылдары облыс көлемінде туберкулезбен ауыратын науқастар саны азайған. Алдағы уақытта Өскемендегі облыстық фтизиопульмонологиялық диспансер де жабылып, барлық науқастар Семейге ауыстырылмақ.

Денсаулық сақтау министрлігінің жоспарына сәйкес болашақта еліміздің барлық өңірлеріндегі өкпе ауруларына қарсы стационарлық емханалар қысқартылып, Астана мен Шымкентте ғана мамандандырылған екі ірі орталықты қалдыру жоспарланып отыр.

Мекеме қызметкерлері жұмыспен қамтыла ма?

Кездесу барысында диспансер ғимаратын аудандық аурухана теңгеріміне беру туралы шешім қабылданды. Ол емхана мен оңалту орталығы ретінде қайта бейімделмек. Ал мекемедегі барлық қызметкер жұмыспен қамтылып, аудандық аурухана құрамында ашылатын жаңа штаттар мен бөлімдерге орналастырылмақ.

Қазір аудандық ауруханада 27, ауылдық жерлерде сегіз бос орын бар. Фтизиопульмонологиялық диспансер жұмысын тоқтата салысымен 35 адамды бірден жұмысқа аламыз. Оның ішінде, зейнет жасына жақындаған адамдар бірінші кезекте жұмыспен қамтылады. Қазірдің өзінде келіп, сөйлесіп жатқандар бар. Ғимарат аудандық аурухана теңгеріміне берілетін болса, онда да мамандар керек, қалған 21 адамды сол жерге орналастыруды жоспарлап отырмыз, — деді   аудандық аурухананың бас дәрігері Елжан Манарбеков.

Аталған мәселе облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тікелей бақылауында болады.

Денсаулық сақтау басқармасы не дейді?

Тарбағатай ауданындағы мәселеге байланысты облыстың денсаулық сақтау басқармасы да редакциямызға ресми жауап жолдады. Ведомствоның жауабын қаз-қалпында беріп отырмыз:

«Соңғы он жыл ішінде облыста туберкулезге қарсы күресте елеулі ілгерілеушілік байқалды: сырқаттанушылық 53 пайызға төмендеді. Емдеу курсын 6-9 ай ішінде (кейбір жағдайларда – 18 айға дейін) аяқтауға мүмкіндік беретін қысқартылған, модификацияланған емдеу режимдерінің сәтті енгізілуі ауруханалық көмекке деген қажеттіліктің азаюына алып келді. Қосымша фактор ретінде бактерия бөлмейтін туберкулезбен ауыратын адамдарға пациентке бағдарланған амбулаториялық емдеу тәжірибесінің кеңеюі де стационарға жүктемені азайтуға ықпал етті.

Фтизиопульмонология орталығы мен ҮЕҰ жүргізіп отырған мақсатты ағартушылық жұмыстың нәтижесінде белгіленген емдеу тәртібін бұзатын пациенттер саны жыл сайын азайып келеді. Мысалы, өткен жылдың қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығының сот шешімімен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген адамдарға арналған Ақжар ауылындағы мәжбүрлі емдеу бөлімшесінде 18 пациент болған болса, ағымдағы жылы небәрі төрт пациент емделді. Соңғы төрт пациент 2025 жылғы 2 қазанда емдеу курсынан өтіп, үйлеріне шығарылды.

Осылайша, Ақжар ауылындағы мәжбүрлеп емдеу бөлімшесін сақтаудың қажеттілігі болмағандықтан және мұндай пациенттер санының тұрақты түрде қысқаруына байланысты оны жабу туралы негізделген шешім қабылданды».

Тегтер: F16ТарбағатайтуберкулезШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған