Үлкен Нарын ауданындағы екі жұмысшының қазасына қатысты қызметтік тергеу аяқталды, деп хабарлайды F16.kz
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға мамыр айында болған. Су құбыры жарылған жерде апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері — 42 жастағы дәнекерлеуші Ержан Айтпаев және 55 жастағы темір ұстасы Сергей Кастерин опырылған топырақ астында қалып қаза болған еді.
Тергеу барысында анықталғандай, еңбек қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылған. Жұмыс беруші кінәлі деп танылып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға міндетті. Ол топырақтың және техниканың жағдайын алдын ала тексеріп, барлық қауіпті фактор көрсетілген арнайы рұқсатнама-нұсқаулық дайындауы тиіс еді. Әр қызметкер бұл құжатпен танысып шығуы қажет. Егер қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздік анықталса, жұмыс бірден тоқтатылуы керек болатын, – деді ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Кизатов.




