«Қазгидромет» РМК мамандары 18-20 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды F16.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде ауа райы жылы болып, жаңбыр жаумайды.
Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен түседі. Бірақ күндіз термометр көрсеткіші +5…+10°С шамасында болады.
Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +15…+20°С аралығында ауытқып, ашық күндер сақталады.
Еліміздің солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.




