Бүгін бірқатар жол учаскесінде жүк көліктеріне шектеу енгізілді. Бұл туралы «ОблШығысЖол» ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін сағат 6.00-ден бастап Өскемен-Тарғын-Самар тас жолының 63-145 шақырымы, Өскемен–Таулы Үлбі–Северное көлік жолының 18-60 және Теректі–Ұрынхай–Төсқайың жол учаскесінің 7-57 шақырымында қозғалыс шектелді.
Енді қыстың соңына дейін тіркемесі немесе жартылай тіркемелері бар көліктер мен тракторлар аталған жол учаскелерімен қатынай алмайды.
Сондай-ақ облыстық маңызы бар жолдарда механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салынады.




