Бүгін еліміздің бірқатар аймағында қар жауып, бұрқасын соғады. Күн райы күрт бұзылғанда көктайғақтың кесірінен жол-көлік оқиғасының да саны арты түскен. Қауіпсіздігін ойлаған жүргізушілер дөңгелек ауыстыру орталықтарына ағылып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ПД жүргізушілерден көлік құралдарының техникалық жағдайына және қысқа дайындығына ерекше назар аударуды сұрайды.
1 желтоқсаннан бастап көлік дөңгелегін ауыстырмағадар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз. Сондай-ақ қолайсыз ауа арайында алыс жолға шықпауды, жол ережесін, жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз, — делінген ШҚО ПД хабарламасында.
Бүгін өңірдің бірқатар аудандарында қалың қар жауып, бұрқасын соғып тұр. Десе де, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша қазір елімізде барлық бағыт бойынша жолдар ашық.




