Заңсыз пайдалы қазбалар өндірумен айналысқан шетелдік азаматтың ісі Үлкен Нарын аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды F16.kz.
Соттың анықтауы бойынша, биыл 5 маусым күні ол ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, 29 шілде күні қайталап құқық бұзушылық жасап, яғни заңсыз пайдалы қазбалар өндірумен айналысқан.
Ол өз кінәсін толық мойындап, өкініші білдірді. Сот шешімімен шетелдік азамат ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындады, — дейді облыстық соттың баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енді.




