“Нұртау” тау-шаңғы курортында қысқы туристік маусым 6 желтоқсан күні басталады, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО туристік ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, қысқы туристік маусымның ашылуына орай концерттік бағдарлама мен қызықты шаралар ұйымдастырылып, түрлі сыйлықтар мен сертификаттар табысталады.
6 желтоқсан күні сағат 10.00-де “Нұртау” тау-шаңғы курорты ашылады. Жаңа маусым — жаңа эмоциялар. Сізге мерекелік атмосфера, көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз, — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тау-шаңғы кешеніне толық техникалық тексеру жүргізіліп жатқанын жазғанбыз.




