Шығыс Қазақстанда қыстың алғашқы айы -30°С-қа дейін аяз болады, деп хабарлайды F16.kz.
Синоптиктер желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алғашқы онкүндікте ауа температурасы күндіз 0,+5°С-тан -13-18°С-қа дейін, түнде -5-10°С-тан -23-28°С-қа дейін төмендейді, — делінген хабарламада.
Ал, екінші онкүндікте аяздың беті қайтып, күн жылынуы ықтимал. Термометр бағаны да сәйкемінше күндіз -13-18°С-тан -2-7°С-қа, түнде -23-28°С-тан -10-15°С-қа ауытқиды.
Үшінші онкүндікте түнде -10-15°С-тан -25-30°С-қа дейін, күндіз -2-7°С-тан -15-20°С-қа дейін күн суытып, аяз болады.
Сонымен қатар, айдың басында және аяғында қар жауып, бұрқасын жел соғуы да мүмкін.




