F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскемендегі көлік реформасы: жаңа техника, цифрландыру және әлеуметтік жеңілдіктер

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
24.11.2025, 10:38
Жаңалықтар, Өскемен

Биыл Өскеменнің қоғамдық көлік саласында ауыз толтырып айтарлықтай жаңалық көп болды. Шаһарға жаңа автобустар мен трамвайлар жеткізіліп, жолаушыларға арналған Onay жүйесі іске қосылды. Мұның сыртында жаңа оқу жылынан бастап мектеп жасындағы балалар қоғамдық көлікпен тегін жүре бастады, деп хабарлайды F16.kz.

Кейінгі жылдары облыс орталығында қоғамдық көліктерге қатысты мәселе дүркін-дүркін көтеріле бастады. Себеп – қаладағы жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен трамвайлар ескірген, жиі бұзылады, соның салдарынан жүру жиілігі сақталмайды. Адамдар жаздың аптап ыстығында, қыстың қақаған аязында аялдамада сағаттап тұруға мәжбүр болды. Бұл жағдай жергілікті атқарушы билікті бейжай қалдырмады. Өскемен әкімдігі автопарктер мен трамвай парктерін жаңартуға кірісті.

Фото: F16.kz

2025 жылы облыс орталығында жаңадан 11 шағын автобус пен 45 үлкен автобус әкелінген. Жыл соңына дейін тағы 26 автобус, 12 электробус және 2 шағын автобус сатып алынбақ. Жалпы, 2021-2025 жылдары қаланың автопарктері 198 автобуспен және 45 шағын автобуспен толыққан.

Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін 40 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын тауып, автобус паркі кезең-кезеңімен жаңартылады. Сондай-ақ трамвай паркіне мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған жаңа вагондар жеткізу туралы келісім жасалды, – деген болатын Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов биыл наурызда өткен брифингте.

Көп ұзамай уәде етілген автобустар облыс орталығына келе бастады. Алдымен бесеуі желіге шықса, артынша қалғандары қатарға қосылды. Ең бастысы бұл қоғамдық көліктердің сыйымдылығы 100 адамға шақталған және мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы етіп жасалған, бәрінде пандус бар, едені төмен, ерекше адамдардың арбасын орналастыратын арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қатты аязда көліктің ішін жылы ұстау үшін қосымша жылыту қондырғысын қосуға болады.

Өскеменде автопарктер біртіндеп жаңартылып жатыр дедік. Солардың бірі – «Вебас» ЖШС. Компания директорының орынбасары Владислав Стасидің айтуынша, жыл соңына дейін серіктестікке қарасты автобустар толық жаңартылмақ.

Таяуда бес автобус алдық, енді тағы бесеуі келе жатыр. Сонымен биыл автопаркіміз 100 пайыз жаңарады. Сатып алған автобустар түгел өзімізде құрастырылған, сапасы жақсы. Кондиционері, жылжымалы пандустары бар жайлы етіп жасалған. Екі жаңа автобус желіге шықты. Қалғаны біртіндеп қосылады. Жалпы, жаңадан алғандардың бәрін қосқанда паркте жиыны 44 үлкен автобус болады. Одан бөлек тағы  “Газель” маркалы 15 шағын автобусымыз бар. “Газельдердің” барлығы жаңа, – деді Владислав Стаси.

Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жаңадан автобустар сатып алудың арқасында биыл қала автопаркі 70 пайызға жаңарған. Алдағы уақытта бұл межені 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Жолаушылар тасымалдау қызметімен айналысатын компанияларға мемлекеттен субсидия төлене бастаған 2021 жылдан бері 205,1 млн адам қоғамдық көлікпен жүрген. Соның ішінде биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 40,1 млн жолаушы тасымалданған. Субсидияның арқасында тасымалдаушы компаниялар жүргізушілері мен басқа да жұмысшыларының жалақысын көтеруге мүмкіндік алды.

«ONAY!» – ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ

Биылғы наурыз айынан бастап Өскеменде қоғамдық көліктегі жол ақысын төлеу қызметін ыңғайлы әрі сапалы ету үшін «ONAY!» электронды төлем жүйесі енгізілді. Алматы, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран және Талдықорған сияқты қалаларда сәтті іске қосылған жүйе Шығыстың бас шаһарында қолға алынды. Игі бастама жолаушылар тасымалын оңтайландыруға және қаланың көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған деп атап өтті қала әкімдігі.

Фото: gov.kz

Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе жолаушылар ағынын талдап, ең қажетті бағыттарды анықтауға, сондай-ақ қозғалыс кестесінің сақталуын бақылауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар нақты деректер негізінде тиімсіз маршруттарды қысқартып, қажет болған жағдайда жаңасын ашуға да болады. Ал оған дейін қолданылған «Өскемен Card» жүйесінің ондай артықшылығы жоқ. Сол себепті «ONAY!»-ға көшу қажеттілігі туындады. Жүйе «Транспортный холдинг города Алматы» ЖШС қаражаты есебінен орнатылды, яғни бюджет ақшасы жұмсалған жоқ.

Қаладағы барлық тасымалдаушы кәсіпорындармен келісімшарт жасалды. Бұл кәсіпорындарда 300-ден астам қоғамдық көлік бар. Жүйеге 55 бағыт, соның ішінде үш трамвай бағыты енгізілді. Сондай-ақ көше-жол желісі цифрландырылды, бұл көлік құралдарының жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді, – деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Абзал Мәулетханов.

«ONAY!» жүйесінің тағы бір артықшылығы – кәсіпорындардың табысын арттырып, көлеңкелі айналымды азайтуға және қоғамдық көліктің тұрақтылығын 95%-ға дейін қамтамасыз етуге көмектеседі. Соңғы үш жыл ішінде жүйе енгізілген қалаларда жылжымалы құрамның 97%-ға жуығы жаңартылған.

Тағы бір айта кетер жайт, «ONAY!» картасы мен қосымшасын жүйе енгізілген Қазақстанның басқа қалаларында да қолданылу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жиі сапарлайтын азаматтарға өте ыңғайлы.

ЖАЙЛЫ ВАГОНДАР

Өскеменді еліміздің өзге қалаларынан ерекшелеп тұратын бір тұсы – трамвайлар. Ел бойынша Өскемен, Павлодар мен Теміртауда ғана трамвай жүреді. Алматыдағы трамвай паркі 2015 жылы жабылып қалған. Қалған қалаларда рельсті көлік қатынамайды. Өткен ғасырдан бері жолаушы тасымалдап келе жатқан теміржол көлігі кейінгі жылдары ескіріп, тозығы жете бастаған. Жиі тоқтап, желіден шығып қала беретін. Шаһардағы паркте барлығы 20-дан астам трамвай болса, олардың жартысы ғана жұмыс істеді. Жылжымалы құрамның тозу деңгейі 90%-ға жеткен, вагондардың дені 40 жылдан астам уақыт пайдаланылған. Соңғы рет парк 2023 жылы жаңарды, ол кезде Беларусь елінен төрт трамвай әкелінген. Одан кейін міне биыл тағы үш трамвай жеткізілді. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды компания кәсіпорын басшылығы кезең-кезеңмен іске қосты.

Трамвай паркін біртіндеп жаңартып жатырмыз. Күн сайын желіде жүріп тұру үшін Өскеменге барлығы 18 вагон керек. Биыл үш жаңа вагон келді, алдағы уақытта мүмкіндікке қарай тағы да жаңартамыз, – деді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС басшысы Денис Федченко.

Компания басшысының айтуынша, экологиялық таза көлік саналатын трамваймен бұрын адамдар көп қатынайтын. Кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Қазір желіге үш бағытта 9 вагон шығады. Олардың әрқайсы күніне орта есеппен 1 мың адам тасымалдайды. Жаңа вагондарды қосқанда қалада барлығы 12 теміржол көлігі болды.

Барлығын қаржыландыруға мүмкіндік жоқ, біртіндеп жаңартамыз. Бірақ тұрғындардың бұл көлікті қалай жақсы көретінін білеміз, сондықтан алдағы уақытта тағы да жаңа трамвайлар сатып алатын боламыз. Біз трамвай паркін сақтап қалуымыз керек. Сонымен қатар шойын жолдарды жөндеп, ескілерін ауыстыру қажет, – деген облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа трамвайды алғаш рет сынақтан өткізген кезде.

Беларусь елінен әкелінген түрлі-түсті Т701 маркалы трамвайлардың әрқайсы 130 жолаушыны сыйдыра алады. Заманауи үлгіде жасалған вагондар кондиционермен, жылытқыш пешпен, бейнекамерамен, электронды төлем жүйесімен жабдықталған, ең бастысы бұл трамвайлар артқа жүре алады.

Фото: F16.kz

Қоғамдық көліктердің дамуы жолаушы тасымалын жақсартып ғана қоймай экологияға да оң әсер ететінін қала билігі жиі айтады. Бұл пікірді өскемендік эколог Дәулет Асанов та құптайды. Ол облыс орталығында автокөліктердіңкөбеюі кептеліс туындатып, ауа сапасына кері әсер етіп жатқанын айтты.

Қазір Жібек маталар комбинаты ауданы кеңейіп, халық саны едәуір артты. Ондағы адамдар орталыққа келіп жұмыс істейді. Таңертең және кешкі уақытта кептеліс. Жолды кеңейтіп, жолайырықтар салу түбегейлі шешім емес. Егер кептелісті азайтып, қаланың экологиясын жақсартқымыз келсе, қоғамдық көлікке көшкен дұрыс. Әлем елдерінде бар мұндай тәжірибе. Трамвай ЖМК ауданына дейін жүрсе адамдар жұмысқа кептеліссіз барар еді. Екіншіден жолаушылар легі артып, парктің табысы өседі. Табыс артқан соң трамвай паркін жаңартуға мүмкіндік туады. Яғни, қызмет сапасы жақсарады. Ең бастысы тұрғындар жеке мәшіндерімен кептелісте тұрмай қоғамдық көлікке мініп жылдам жетеді, бұл экологияға да жақсы болар еді, – деді эколог.

БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Биылғы 1 қыркүйектен бастап 18 жасқа толмаған өскемендіктер мен қала қонақтары шаһардағы қоғамдық көліктермен тегін жүре бастады. Тамыз айының соңында өткен қалалық мәслихаттың сессиясында депутаттар осындай шешім қабылдады. Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов бұл қадам әлеуметтік қолдау шараларын дамытуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі екенін атап өтті.

Біз көліктік жеңілдіктерді бір реттік шара ретінде емес, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған ұзақ мерзімді саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырамыз. Балалардың жол жүру ақысын тегін қылу – бұл болашаққа жасалған бағалы инвестиция, себебі қаламыздың жас тұрғындарын қолдау маңызды, – деді Алмат Ақышов.

Сондай-ақ мәслихат депутаттары өзге санаттағы азаматтарға да жеңілдіктер беруді қолдады. Мәселен, 70 жастан асқан тұрғындар қоғамдық көлікте 55% жеңілдікпен жүреді. Ал Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, басқа елдердегі әскери қимылдарға қатысқан ардагерлерге және Өскемен қаласының Құрметті азаматтарына қоғамдық көлікпен жүру тегін болады.

Сонымен бірге трамвайда тегін жүру құқығына бірқатар санаттағы азаматтар ие болып отыр. Олар: I топтағы мүгедектігі бар адамдар, II топтағы көз мүгедектігі бар адамдар (көру қабілеті нашар жандар), «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағына ие болған немесе I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, 80 жастан асқан қариялар.

Өскемен тұрғыны, 10-сынып оқушысы Кәусар Қайратқызы 18 жасқа дейінгі тұрғындарға қоғамдық көліктің тегін болуы қала басшылығының жастарға көрсетіп отырған қолдауы екенін айтады.

Жаңа оқу жылы басталғалы автобуспен тегін жүреміз. Әрине, жақсы болды. Әсіресе сабаққа асыққанда кез келген автобусқа мініп кете бересің. Бұрын әр отырған сайын жол ақысын төлейтінбіз, біз сияқты оқушыларға ол біраз ақша. Енді бәрі тегін. Түстен кейін қосымша сабаққа барамыз, үйірмелер бар, секцияларға қатысамыз. Қаланың әр жеріне баруға тура келеді. Осындай кезде автобустың тегін болғаны қандай жақсы, жастарға бұл да бір қолдау, – деді ол.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Өскеменде 7-18 жас аралығындағы 41 690 бала қоғамдық көлікпен тегін қамтылған. Олардың тегін жүруі үшін бюджеттен қаражат қарастырылған.

Шығыстың бас шаһарындағы қоғамдық көлік саласында соңғы бір жылда жүзеге асқан өзгерістер қаланың мобильділігін арттырып қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасына тікелей оң әсер етті. Жаңа автобустар мен трамвайлардың келуі, «ONAY!» электронды төлем жүйесінің енгізілуі және балаларға жолақының тегін болуы – әлеуметтік қолдаудың, жайлылықтың, қауіпсіздіктің айқын көрінісі. Жаңартылған трамвай паркі қала экологиясын жақсартуға, ал цифрландырылған маршруттар жүйесі көлік қозғалысының тиімділігін көрсетті. Бұл өзгерістер Өскеменнің көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге шығарып, тұрғындар үшін ыңғайлы, ашық әрі қолжетімді қоғамдық транспорт жүйесін қалыптастыруға жол ашты.

Тегтер: F16ONAIавтобусжолаушылар тасымалыӨскементрамвай
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған