ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды F16.kz.
Вице-министр 28 қараша күні сағат 10:00 – 11:00 аралығында азаматтарды жеке қабылдайды.
Сағат 11:00 – 12:00 аралығында халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесу өткізеді.
Ал, 12:00 – 12:30 аралығында өңірлік БАҚ-пен брифинг белгіленген.
Кездесуге жазылу үшін 8 (701) 100-44-66 нөміріне хабарласу немесе s.koblashov@ecogeo.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау қажет .
Барлық шара Пермитин көшесі, 17 мекенжайында, яғни қала әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми парақшаларында («Facebook», «YouTube») тікелей эфир көрсетіледі.




