Оқыс оқиға бүгін Бажов көшесінде болған, деп хабарлайды F16.kz.
Жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған тұрғынды көлік қағып кетті.
Hyundai Tucson жүргізушісі қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты сақтамау салдарынан алда тұрған KAIYI көлігімен соқтығысты. Соққыдан алға жүрген көлік өткелден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген.
Тәртіп сақшылары жол ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады.




