Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Өскемендегі бірқатар білім ордасында екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстық білім басқармасының ақпаратына сүйенсек, төмендегі мектептер қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
- №26 орта мектебі
- №24 орта мектебі
- №44 лицейі
- №42 орта мектебі
- №41 орта мектебі
- №40 орта мектебі
- №45 орта бейіндік мектебі
- №48 орта мектебі
- №47 орта мектебі
- №46 орта мектебі
- №50 орта мектебі
Сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша желдің жылдамдығы 17 м/с.




