Ахмер кентіндегі амбулаториялық орталық жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі. Бұл туралы ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Ерназ Мұқатаев айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгінде нысанның 85 пайызы дайын. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған.
Қазір ішкі жұмыстар жүріп жатыр. Жиһаз бен медициалық құрылғылар орнатылғаннан кейін қолдансқа беріледі, — деді басқармасы басшысының орынбасары.
Жалпы облыс бойынша енсаулық сақтау бағытында көлемді жобалар жүхегеа сырылып жатыр. Мәселен, Өскемен қаласындағы Гематология орталығы 90%-ға, ал Риддердегі көпбейінді аурухдана 98%-ға дайын. Жоспар бойынша 2025 жылдың желтоқсаныда аяқтау жоспарланып жатыр.
Денсаулық сақтау мекемелерін салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаратал ауылдарындағы дәрігерлік амбулатори 80%, Онкология және хирургия орталығының хирургиялық корпусының модернизациясы 80% аяқталған, Ана мен бала орталығын перзентханасына қайта құру – 70%, Протозанов көшесі, 7 мекенжайындағы ғимараттарды қайта жаңарту – 5% және түзетулер жүргізу сатысында, МРТ ғимаратының құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған, — деді Ерназ Мұқатаев.




