Бүгін сағат 12.30-дан бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы республикалық маңызы бар жолдардың бірінде автобустар мен жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды F16.kz.
«ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, шектеу ауа райының қолайсыздығы, көктайғақ, бұрқасынға байланысты енгізіліп отыр.
Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы (Глубокое кентіне бұрылыстан Шемонаихаға дейін) және Өскемен — Риддер — РФ шекарасы автожолында (Белоусовкадан Риддерге дейін) автобустар мен тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктерінің қозғалысы жабылады, — делінген хабарламада.




