Өскемен қаласында «ШҚО мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ-ның бұрынғы басшысы Д.Батырбаев пен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын жымқыру, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды F16.kz.
Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы Өскемен және Семей қалаларының көше жарығы жүйелерін жаңғырту жобасы іске қосылған. Жоба аясында электр энергиясын едәуір үнемдеу және жарық сапасын арттыру мақсатында ескі жарықтандыру құралдарын энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстыру жоспарланған. Алайда жоба аясында жабдықтар мен жұмыстардың құнын негізсіз өсірген күдіктілер, жалпы сомасы 320 млн теңге залал келтірілген.
Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында аталған акционерлік қоғамның бұрынғы басшысы сенімді тұлғаның атына ЖШС тіркеп, оны жалған шарттар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қосалқы мердігер ұйым ретінде пайдаланған.
Сот үкімімен Д.Батырбаев, Ю.Халитов және Н.Папышевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, азаматтық талап қанағаттандырылды.
Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік — тұрғын үйі бар жер учаскесі мен автокөтергіш тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енді.




