Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс орталығының бірнкше ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады, деп хабарлайды F16.kz.
Жәрмеңке 27–28 желтоқсан күндері сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін төмендегі сауда алаңдарында өтеді:
«Алтай» ОРЦ — Жібек жолы көшесі, 44
«ДосНар» СҮ — Виноградова көшесі, 17а
«Керуен» СҮ (КШТ ауданы) — Утепова көшесі, 3
«Валентина» СҮ (Согра ауданы) — Б. Шаяхметов көшесі, 13
Жәрмеңкеде ет өнімдерінің (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті), сүт өнімдерінің, шұжық түрлерінің, көкөніс пен жеміс-жидектің кең ассортименті ұсынылады.




