Қазақтың талантты қызы Әбиба Әбужақынова биылғы маусымды әлемдік рейтингінің кқш басында түйіндеді. Оның еншісінде 5096 ұпай бар, деп хабарлайды F16.kz порталы ҚР ҰОК—тың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дзюдодан спорт маусымының қорытынысы шығарылды. Әлемдік турдағы соңғы жарыс Жапония астанасы Токиода өтті. Күншығыс елінде жалауы желбіреген Grand Slam турниріне Қазақстан құрамасы қатысқан жоқ. Соған қарамастан бәсекелестері Әбужақынованы әлемдік рейтингтегі бірінші орнынан ығыстыра алмады.
ҚР ҰОК мәліметінше, маусым соңында қазақстандық спортшы 5096 ұпай жинап, 48 келіге дейінгі салмақта күрескен дзюдошылар рейтингінде бірінші сатыға тұрақтады. Өзге қазақстандық дзюдошылар бұл рейтингте үзтік ондыққа кіре алмады.
Айта кетейік, биыл Әбиба Әбужақынова Венгрия астанасы Будапеште өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған.




