Ауа райының күрт нашарлауына байланысты тіркемесі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері мен жолаушылар автобустарының қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды F16.kz.
Жол бүгін сағат 14:00-ден бастап төмендегі көлік жолдарында жабылады:
Өскемен – Семей тас жолы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін).
Өскемен – Риддер – РФ шекарасы тас жолы (Белоусовка кентінен Риддер қаласына дейін).
Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы тас жолы (Глубокое ауданынан Шемонаиха қаласына дейін).
Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары тас жолы (Ушанов ауылынан Алтай қаласына дейін).




