Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше бағытта автокөлік жолдары жабылды, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін сағат 16.00-ден бастап келесі бағыттарда барлық автокөліктерге жол жабылды:
Республикалық маңыздағы жолдар
Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы жолы, 1013–1062 км (Абай облысы шекарасы мен Алмасай ауылының қиылысы);
Өскемен-Риддер-Ресей шекарасы жолы, 15–105 км (Белоусовка ауылы мен Риддер қаласы);
Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары, 7–166 км (Ушанов ауылы – Алтай қаласы);
Облыстық маңыздағы жолдар
Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха жолы, 72-80 км (ШҚО мен Абай облысы шекарасы — «Артемьевская» шахтасына баратын жолдың қосылу орны).
Өскемен-Таулы Үлбі-Северное, 45-60 км (Феклистовка—Северное).
Шектеу:
Тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне және жолаушылар автобустарына қолданылады.
Себеп: бұрқасын, қар, көктайғақ
Республикалық маңызы бар жол
Өскемен-Семей», 10–103 км (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы, 1104–1191 км (Глубокое кенті – Шемонаиха қаласы);
Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары, 166-250 км (Алтай қаласынан Үлкен Нарын ауылына дейін);
Облыстық маңызы бар жол
Шемонаиха-Секисовка, 0–56 км.




