«ҚАЖсервис» ЖШС ШҚО филиалының ақпараты бойынша бүгін сағат 18.00-ден бастап республикалық маңызы бар Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы жолының 1013-1062 км (Абай облысы шекарасы – Рубеж бекеті) аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды.
«ОблШығысЖол» ЖШС-ның хабарлауынша, бүгін сағат 18.00-ден бастап облыстық маңызы бар Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха (72–80 км, ШҚО мен Абай облысы шекарасы, Артемьевская шахтасы) бағытындағы жолда барлық автокөліктерге қозғалыс ашылды.




