F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң қабылданды

F16 F16
03.01.2026, 16:10
Жаңалықтар, Заң
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды, деп хабарлайды F16.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Аталған заң Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын іске асыру мақсатында әзірленіп, заңнаманы Конституцияға сәйкестендіруге, жария және жеке мүдделер арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді сақтай отырып, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған. Заңның негізгі бағыттарының бірі – 2023 жылғы 13 маусымдағы Конституциялық Соттың нормативтік қаулысында көрсетілген құқықтық ұстанымдыескере отырып әзірленген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген өзгерістер болып табылады. Атап айтқанда, егер мұндай шектеу конституциялық тұғырды қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсаттарымен негізделмесе, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғалар үшін кәсіпкерлік және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салу алынып тасталды.

Конституциялық Сот кәсіпкерлік қызметті шектеу дифференцияланған болуы және лауазымдық міндеттердің сипатына байланысты айқындалуға тиіс екенін атап өтті.

Осы Конституциялық Сот шешімін іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның 13-бабынан мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғалар үшін кәсіпкерлік және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салу нормасы алып тасталды. Оларға мемлекеттік орган болып саналмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда (оның ішінде мектептерде, ауруханаларда) және квазимемлекеттік сектордың өзге де субъектілерінде басқарушылық функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар (бірінші басшылар, олардың орынбасарлары, мемлекеттік сатып алу департаменттерінің басшылары, филиалдар басшылары), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері, сондай-ақ көлік жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар жатады.

Сонымен қатар заңда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғалардың кәсіпкерлік және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуына жол берілмейтін жағдайлар бекітілген. Атап айтқанда, егер мұндай қызмет лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтірсе, қызметтік мүлікті пайдалануға әкеп соқса немесе мүдделер қақтығысын тудырса, мұндай қызметке тыйым салынады. Бұл ретте аталған тұлғалар бұрынғыдай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының субъектілері болып қала береді, мемлекеттік қызметшілермен тең дәрежеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның бақылауында болады және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықта болады.

Осыған орай оларға қаржылық бақылаушаралары, мүдделер қақтығысының алдын алу жөніндегі талаптар, сондай-ақ туыстарымен бірлесіп қызмет атқаруға тыйым салу нормалары қолданылады.

Тиісінше, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде белгіленген шектеулерді бұзу, оның ішінде қызметтік мүлікті пайдалану немесе мүдделер қақтығысы жағдайында қызмет атқару фактілері анықталған жағдайда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін жұмыстан босату түріндегі жауаптылық көзделген.

Қабылданған заң конституциялық заңдылықты нығайтуға және әділеттілік, ашықтық пен құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі дамытуға бағытталған.

Тегтер: F16Заңзаңсыз активтерПрезидентсыбайлас жемқорлықТоқаев
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00
Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00
Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама

09.07.2026, 18:28

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған