Бүгін Maxi Mall сауда орталығы жанындағы мұз айдынының техникалық ашылуы өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Сауда орталығының әкімшілігі тұрақ аумағындаға коньки тебу алаңы жақын күндері ресми түрде ашылатынын мәлімдеді.
Қазір мұз бетін мінсіз күйге келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондықтан толық ашылуы жақын күндері болады. Коньки жалдау қызметі қазір де қолжетімді, – деп хабарлады сауда орталығының әкімшілігі.




