Сенбі, 10 қаңтарда Өскеменнің «Алтай» көтерме—тарату орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды F16.kz.
Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылады. Атап айтқанда, жаңа сойылған жылқы, сиыр, қой және шошқа еті, сүт өнімдері, құрт-май, тары-талқан, шұжықтың түр-түрі, ірімшік, жеміс-жидек, көкөніс және басқалар. Ең бастысы мұнда тұрғындар табиғи таза, сапалы өнімдерді нарықтағыдан төмен бағада тікелей өндірушінің өзінен сатып алады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі таңғы сағат 8.00-де басталып 14.00-ге дейін жалғасады.
«Алтай» көтерме-тарату орталығы (Жібек жолы көшесі, 44).
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі былтыр облыс орталығында жыл бойы өткізіліп, тұрғындарды арзан әрі сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік туғызған. Бұл игі дәстүр биыл да өз жалғасын тауып отыр.




