Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш маңызды заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
Ел Президенті Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды. Бұл құжат цифрлық ортадағы қатынастарды, оның ішінде цифрлық ортаның субъектілері мен құқықтық қатынастар объектілерінің түрлері, цифрлық сәйкестендіру, бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелерін реттейді. Сондай-ақ цифрлық ортада жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Бұдан бөлек Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген түзетулер де бекітілді.




