Ауа райының қолайсыздығына байланысты тағы бір жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды F16.kz.
«ОблШығысЖол» ЖШС мәліметінше, сағат 17.00-ден бастап облыстық маңызы бар Өскемен-Таулы Үлбі-Северное автокөлік жолының 45–60 км аралығында (Феклистовка ауылы – Северное ауылы) көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді.




