F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменде жарты ғасырдан асам уақыт жөнделмеген ең ірі емхана қайта жаңғыртылды

F16 F16
17.01.2026, 12:56
Біздің медицина, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Өскемен қалалық №1 емханада күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Медицина мекемесін заман талабына сай жаңғыртып, қажетті құрал—жабдықпен қамтамасыз етуге облыс бюджетінен екі жылда 680 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды F16.kz.

1971 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген емхана ғимараты кейінгі жылдары тозыңқырап, кетеуі кете бастаған еді. Ескірген инженерлік желі жиі сыр беріп, жүйде ақау көбейді. Сондықтан өңір билігі нысанды толық жаңғыртуға шешім қабылдады. Нәтижесінде шатырдан бастап жертөлеге дейін жаңартылды. Инженерлік және электр желілері, жылу жүйесі, есік-терезелер түгел ауыстырылды, сантехникалық жабдықтар жаңартылды, ғимарат іші әрленді. Бұдан бөлек заманауи медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Енді жаз шыға ғимарат төңірегі абаттандырылады.

Медицина мекемесін күрделі жөндеуге облыс бюджетінен 680 млн теңге бөлініп, емхананың үш ғимаратында тиісті жөндеу жүргізілді. Қосымша медициналық жабдықтар сатып алынды. Атқарылған жұмыс сапасы бірден байқалады, жаңадан ашылғандай жарқырап тұр. Емделушілер алғыс айтып, ризашылық білдіріп жатыр. Біздің мақсат тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге барынша жағдай жасау, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Өскемен қалалық №1 емхана – облыс орталығындағы ең ірі денсаулық сақтау ұйымдарының бірі. Мекеме 66 мыңнан астам тұрғынға, оның ішінде 25 мыңнан астам балаға қызмет көрсетеді. Емхананың бас дәрігері Айман Мырамытованың айтуынша, қарамағында 423 маман жұмыс істейді, оның 80-і – дәрігер, 228-і – орта буын қызметкер.

Біздің емхана ересектерге де, балаларға да қызмет көрсетеді. Оған қоса зейнет жасындағы адамдарға арналған бөлім бар. Мамандарымыз жеткілікті, бәрінің кәсіби біліктілігі жоғары. Қаладағы жалғыз балалар нефрологы осында жұмыс істейді. Бүгін әйелдерге кеңес беру бөлімі ашылды. Онда жүкті әйелдерге, ана мен балаға акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетіледі. Болашақ аналар мектебі жұмыс істей бастады. Жалпы, күрделі жөндеуден кейін емханада қосымша кабинеттер ашылып, қызмет көрсету ауқымы кеңейді, – деді бас дәрігер.

Бүгінде аталған денсаулық сақтау мекемесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек, консультативті-диагностикалық қызмет, стационарды алмастыратын және шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Емхана құрамында диагностикалық қызметтер, күндізгі стационар, call-орталық, отбасылық денсаулық орталығы, жастар орталығы, бейінді мамандар кабинеті, зертханалық-диагностикалық бөлім және басқа да құрылымдық бөлімшелер жұмыс істейді. Цифрлық технологиялар кеңінен енгізілген. Атап айтқанда, «Даму Мед», Saqtandyry, ЕИСЗ, E-health, PACS, SMART ЭКГ секілді медициналық ақпараттық жүйелер қолданылады.

Жаңғырту жұмыстарының нәтижесіндеу емделушілер мен дәрігерлерге қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасалып, алғашқы медициналық көмектің сапалы әрі қолжетімді болуы қамтамасыз етілді.

Тегтер: F16денсаулық сақтауЕмханакүрделі жөндеумедицинаӨскемен
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған