F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңа Салық кодексі: не өзгерді, қандай артықшылығы бар?

F16 F16
28.01.2026, 15:52
Жаңалықтар, Заң, Қоғам
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Бұл өзгерістер ең алдымен шағын бизнеске, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға және фермерлерге қатысты. Жаңа кодекс салық төлеу тәртібін жеңілдетіп, қағазбастылықты азайтуға бағытталған.

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қазыбек Қойшиновтың айтуынша, енді кәсіпкерлер салықты бұрынғыдан әлдеқайда оңай төлей алады. Көптеген қызмет түрі цифрлық форматқа көшіріліп, арнайы мобильді қосымшалар арқылы жүргізіледі.

Арнайы салық режимдері азайды

Бұған дейін кәсіпкерлер жеті түрлі арнайы салық режимімен жұмыс істесе, биылдан бастап олардың саны үшке қысқарды. Бұл бизнес иелеріне өзіне қолайлы режимді оңай таңдауға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жаңа мүмкіндік

Жаңа режим табысы аз немесе тұрақты табысы жоқ адамдарға арналған. Мысалы, жеке тапсырыспен жұмыс істейтіндерге, интернет арқылы табыс табатындарға ыңғайлы.

Бұл режимнің басты артықшылығы – жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Табыс салығы мен қосылған құн салығы алынбайды. Тек табыстың 4 пайызы көлемінде әлеуметтік төлем төленеді.

Барлық есеп-қисап арнайы мобильді қосымша арқылы жүргізіледі. Қосымша табысты есептеп, чек шығарып, төлемдерді автоматты түрде есептейді. Бұрын патентпен немесе қосымша арқылы жұмыс істегендер 2026 жылдың 1 наурызынан бастап автоматты түрде осы режимге ауыстырылады.

Шағын және орта бизнеске жеңілдетілген режим

Жылдық табысы 2,5 млрд теңгеге дейінгі кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізіндегі режимді қолдана алады. Бұл режим бойынша бизнес табыстың 4 пайызы көлемінде ғана салық төлейді. ҚҚС пен әлеуметтік салық алынбайды. Есеп жылына екі рет тапсырылады, ал қызметкерлер санына шектеу жоқ. Алайда бұл режим барлық ұйымдарға бірдей қолжетімді емес. Мысалы, басқа компаниялардың үлесі бар заңды тұлғалар мен арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылар оны пайдалана алмайды. Осы режимді таңдау үшін 2026 жылдың 1 наурызға дейін салық органына хабарлама беру қажет.

Фермерлерге де жеңілдік бар

Шаруа және фермер қожалықтары үшін бұрынғы бірыңғай жер салығы алынып тасталды. Оның орнына табыстың 0,5 пайызы көлемінде жеке табыс салығы енгізілді. Фермерлер ҚҚС пен әлеуметтік салықтан босатылады. Есеп беру жылына бір рет жүргізіледі, ал төлемдер егін жинау маусымын ескере отырып төленеді. Бұл режимге көшу автоматты түрде жүзеге асады, ешқандай өтініш берудің қажеті жоқ.

Цифрлық қызметтер негізгі құралға айналады

Енді кәсіпкерлер е-Salyq Business мобильді қосымшасы, банктердің сервистері немесе салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы жұмыс істейді. Қосымша салықты есептеп, чек қалыптастырып, төлем мерзімін еске салып отырады. Интернет-платформаларда жұмыс істейтіндерге әлеуметтік төлемдер автоматты түрде ұсталады. Ал шалғай елді мекендерде тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар төлемдерді өздері жүргізе алады.

Тегін кеңес алуға мүмкіндік бар

Биылғы 5 қаңтардан маусым айының соңына дейін «Халық бухгалтері» акциясы өтіп жатыр. Осы кезеңде тұрғындар бухгалтерия, салық және цифрлық сервистер бойынша тегін кеңес ала алады. Өскеменде кеңестер офлайн форматта өтсе, облыстың басқа аудандарында бейнеқоңырау арқылы кеңес беру қарастырылған.

Тегтер: Topауыл шаруашылығыЖаңа салық кодексіКәсіпкерлікқаржыфермерШОБ
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған