Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Турнир 14 ақпан күні Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтеді.
Аталған жарыс World Athletics Indoor Tour сериясының Silver санатындағы кезеңге жатады. Сайыста жүгіру түрлерімен қатар техникалық дисциплиналар бойынша да медальдар сарапқа салынады. Турнирде көрсетілген нәтижелер World Athletics-тің әлемдік рейтингіне есепке алынады, – делінген Ұлттық Олимпиадалық комитетінің хабарламасында.




