Депутат Марат Башимов Мәжілістің жалпы отырысында Өскеменде экологиялық жағдай күрделі екенін және адам денсаулығына қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
Депутат Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейтуді, зиянды қалдықтарды азайту бойынша жедел шаралар қабылдауды, тұрғындарға өтемақы мен әлеуметтік жәрдемақы енгізуді ұсынды.
Мәселе бір реттік шекті рұқсат етілген концентрацияLан асып кетуі немесе маусымдық құбылыстар туралы емес. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төнетін атмосфералық ауаның жүйелі түрде ластануы болып отыр. «Қазгидрометтің» ресми мәліметіне сүйенсек, қаңтар айының соңында Өскеменде күкіртсутегі мен күкірт диоксиді рұқсат етілген шекті концентрацияLан 3,6 есе асып кеткен, — деді депутат.
Сонымен қатар ол мектеп оқушыларының шұғыл түрде қашықтан оқытуға ауыстырылғанын, ата-аналар балаларын сыртқа шығаруға қорқатынын да атап өтті.
Аймақта тыныс алу жолы аурулары көбейген. Тұрғындар күнделікті қауіпті ауамен тыныс алуға мәжбүр және мемлекеттен тиісті өтемақы немесе жүйелі қолдау көріп отырған жоқ. Азаматтар биліктің әрекетсіздігі үшін денсаулын құрбан етпеуге тиіс, — деді Марат Башимов.




